Қайырымдылық – істердің ішіндегі ең асылы, ең бағалысы. Ақша құнын жоғалтып, барлық дүние қымбаттаған бүгінгі таңда қай-қай жанұяға болсын көмек керек-ақ. Ал жәрдем керек болғанда халық жүгінетін мейірім ордасы мешіт екені мәлім. Күн суытып, жұртшылық қысқа қамданған мезгілге орай, «Һибатулла Тарази» мешітінде қайырымдылық қорының демеушілігімен сондай-ақ, Зекет қорының ұйымдастыруымен 150 отбасыға көмек көрсетілді.
Іс-шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі, мұқтаж отбасыларға 90 кг азық-түлік үлестірілді. Әр отбасы үшін 16 000 теңгені құрайтын аталған материалдық көмекке шамамен 2,5 млн қаражат жұмсалды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі