Ақиданың маңыздылығы сөз болды

Ақиданың маңыздылығы сөз болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Т.Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп қажы «Луговой кенті» мешітінде уағыз жүргізді. Бұл жолы мешітке жиылған жүзге жуық жамағаттың басым көпшілгі жастар және жаңадан дінге бет бұрғандар.

Сұлтаншәріп қажы уағыз барысында әһли сүннет ақидасының маңызына тоқталып, мәселені жан-жақты түсіндірді. Ақидасы адасқан жанның шариғаты мен ахлағы да адасушылыққа түсетінін мысалдармен жеткізді. Бір сағатқа созылған уағыз соңында жамағат тарапынан қазіргі таңдағы өзекті сұрақтар сұралды.

Бас имам жамағатты өздерін сәләфиміз деп жүргендердің айтқан уағыздарын тыңдамауға шақырды.

Әбілда МЕЙІРХАНОВ

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: