Бүгін Жамбыл ауылы Абай орта мектебінде «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті. Аталған шараға Абай орта мектебінің оқушылары мен мектептің тәрбие орынбасары мен мұғалімдері қатысты. Басқосу барысында экстремизм, терроризм, діни алауыздық пен дұшпандылық жайлы бейне роликтер көрсетіліп, баяндамалар оқылды.
Аудандық мешіттің бас имамы Зият Исаев аталған тақырыпта уағыз айтып, жастарды өз Отанын сүюге, ата-анасын құрметтеуге шақырды. Оқушылар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, толыққанды жауаптарын алған-ды.
«Мойынқұм» аудандық мешіті