Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Жамбыл облысы Жастар мәслихаты» Жастар қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен Талас ауданының ауылдарында Мысыр еліндегі әл-Әзһар университетінің түлегі Нұралы Бақытұлымен кездесу ұйымдастырылды. Діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған іс-шара негізінде Ойық, Ақкөл, Қызылдәуіт, Үш арал, Бөлтірік шешен ауылды мекендерінде «Діни экстремизімнің алдын алу жолдары» тақырыбында тренинг жүргізілсе, Бостандық, Аққұм, Шәкірон ауылдарында қызмет ететін мамандармен жүздесу, сонымен қатар Майтөбе, Тамды, Көктал ауылдарында «Діни экстремизм мен терорризмнің зардаптары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Ауыл тұрғындары қатысқан жиында аталған тақырыптар аясында бүгінгі таңда көтеріліп жүрген өзекті мәселелер қозғалды. «Һибатулла Тарази» медресесінде дәріс беретін білікті ұстаз Нұралы Бақытұлы тұрғындардың көкейкесті сауалдарына дәйекті жауап берді. Ал іс-шараға қатысқан «Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ Дін мәселелері жөніндегі бөлім жетекшісі Ә. Мизамбек жұршылықты бірлікте болуға шақырды.
Өз ойлары мен мазалаған жайттарын ортаға салған ауыл тұрғындары біраз ақпарат алдық деп разылығын білдірді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі