«Қарты бар үй – қазына» демекші, асыл жандар ата-әжелеріміз қартаймай жасай берсін деп тілеудеміз. Алла Тағала осындай тілек дұғаларымызды қабыл алып, жастары 80-100-ге келген кәриелеріміз баршылық.
Еліміз ардақтаған жандарға сый-құрмет көрсету біз үшін абырой. Осы мақсатты ұстанып, ауданның бас имамы Батырбек қажы соғыс ардагері, жасы 90-ды алқымдаған Акбар Муралиев ақсақалдың отбасымен кездесті. Сый-құрмет жасап, шаңсорғыш тарту етті.
Сонымен қатар, дін саласында ұстаздық қызмет еткен 85 жастағы Бақыт Забитов молданың жанұясына барып, үстіне шапан жауып, көңіл күйін аулап қайтты. Кейін жасы 96-ға келген Тоқтаналы Рахимбаев ақсақалдың отбасына барып, ақсақалдың денсаулығына шипа сұрап, батасын алды.
Аудандық «Меркі-ата» мешіті