Отан баршамызға ортақ қасиетті мекен болғандықтан отанның тыныштығы мен тәуелсіздігін сақтау әрбіріміздің азаматтық міндетіміз. Осы орайда, аудандық «Қордай» мешітінің найб имамы Д.Жандосұлы Ішкі істер бөлімінің, аудандық прокуратура, төтенше жағдай бөлімі, сот жүйесі бөлімдерінің қызметкерлерімен кездесіп, діни ахуал жайында ақпараттық насихат жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында найб имам дәстүрлі ислам мен теріс ағым жайында кеңінен түсіндіре келе, айырмашылықтарына тоқталды. Әртүрлі ағымдардың шығуы мен қоғамға тигізер зияны жайында кеңінен түсіндіріп өтті. Ал жиын соңында тәртіп сақшылары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі