«Ашура күні» – дінімізде қасиетті күндердің бірі болып саналады. Бұл күні жасалатын жақсы амал – садақа, қайырымдылық жасау, жомарттық. Ал жомарттық – Алланың ең бір ұлық қасиеті.
Мұқтаждарға көмек көрсету асыл істерден дегендей, «Мойынқұм» аудандық мешітінің бас имамы З.Исаевтың ұйымдастыруымен аудандағы 3 қарияға азық-түліктей көмек көрсетілді..
Оларға құмшекер, сұйық май, шәй, макарон, жайма нан, күріш, тәттілер, сүт, тәтті нан үлестірілді.
«Мойынқұм» аудандық мешіті