Байзақтағы семинар-тренинг көпке ой салды.

Байзақтағы семинар-тренинг көпке ой салды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Діни радикализмнің алдын алу мақсатында Байзақ ауданында екі бірдей іс-шара өтті. Бірі, Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің қолдауымен «Жамбыл облысы еріктілер қозғалысы» қоғамдық қоры екіншісі, Байзақ аудандық жастар ресурстық орталығының қолдауымен «KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен іске асты. Ауданға арнайы келген ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Жастар ісі жөніндегі өкілі, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб-имамы Ержан Аманбаев «Дін, қоғам және жастар тәрбиесі» және «Сәләфизмнің қатері» атты тақырыптарда семинар-тренинг жүргізді.

Семинар барысында қатысушылар назарына еліміздегі экстремистік деп танылған ұйымдардың келбетін, мақсатын және аталған ағымдардың жетегінде кетпеу амалдары жайлы айтылып, дәстүрлі діни таным және отбасы құндылықтары туралы кеңінен баяндалды. «Діни экстримизм мен терорризмнің қазіргі дәуірге қаупі» тақырыбы, ондағы өзекті мәселелерді талқылау және шешу жолдары қарастырылды.

Семинар соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға тұшымды жауаптар берілді. Семинар-тренингке Байзақ ауданның дінтану пәнінің мұғалімдері, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері мен жастар орталығының қызметкерлері қатысқан болатын.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: