Қарты бар үйдің - қазынасы бар

Қарты бар үйдің - қазынасы бар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

  Жаңатұрмыс округі Көкбастау елді мекені «Қалмұрат баба» мешітінің молдасы Бақытбек Сағымбаевтың ұйытқы болуымен Жаңатұрмыс округінің әкімі Қайрат  Шалбаевтың ұйымдастыруымен Ақшолақ елді мекендегі «Оазис» дәмханасында «Қарты бар үйдің -  қазынасы бар» атты мәдени іс-шара жүргізілді.

Жиынға Жаңатұрмыс округінің ақсақалдары, ақ жаулықты аналары шақыртылып, құрмет көрсетіліп, дастархан жайылды. Жаңатұрмыс округінің әкімі Қайрат Шалбаев жиналған көпшілікке құттықтау айтып, атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті. Көкбастау елді мекені «Қалмұрат баба» мешітінің  молдасы Бақытбек Сағымбаев арнайы жиналған көпшіліктің алдында «Қарияға құрмет – мұсылмандық асыл міндет» атты тақырыпта уағыз айтып, артынан осы дүниеден өтіп кеткен марқұмдарға құран оқып бағыштады.

 Жиналған  қарттарымыздың көңіл-күйлері жадырап, шараны ұйымдастырған ұжымға алғыстарын білдіріп, батасын берді. 

Байзақ ауданы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: