Отанды қорғау – иманнан

Отанды қорғау – иманнан

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

    Қазіргі таңда экстремизм және терроризммен күрес – ең өзекті мәселе болып отырғаны жасырын емес. Күні кеше Жуалы ауданы қарасты 91678 Әскери бөлімінде Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу» атты бағытта аталған тақырыпта әскери қызметкерлермен кездесу өтті. 91678 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары капитан Ардақ Сатанов жүргізді.

Сөзді бірінші болып «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің дін істері және ақпараттық талдау бөлімінің теолог маманы бастады. Рамазан Маратбекұлы өз сөзінде дәстүрлі емес діни ағымдардың сипаттары, олардың қоғамға кері әсері, дін құндылықтарын бұрмалаушылық діннен мүлдем алшақ жатқан ұғымдар екенін түсіндірді. Асыл дініміз  экстремизм мен терроризмге түбегейлі қарсы екендігін, сан ғасырлар бойы ұлттық  сана болып қалыптасқан ислам діні оның ішіндегі Ханафи мазхабын ұстанған ата-бабаларымыз осы дінге лайықтап өз әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, наным-сенімін қалыптастырған әрі оны сан ғасырлардан бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып қалдырып отырғандығын айтып өтті. Иран мен Сирия, Дағыстанға кеткен, өзге  ағым жетегінде жүрген бауырластарымыздың тағдыры туралы   елімізде тыйым   салынған діни ұйымдар жөнінде кеңінен  ақпарат берді. Екінші болып Қызыл арық ауылдық округінің имамы Әбілдаев Жайнар бастады. Ол діннің қазіргі жағдайымен таныстырып, Ақтөбе қаласындағы жастардың қатысуымен жасалған теракттердің орын алғанына қынжылтатынын, жастардың басқа ағымдағы ислам дініне қалай өтіп, қалай адам өлтіргендеріне таң қалғанын айтты.Үшінші болып «Жастар ресурстық орталығы» маманы Мейіржан Бегасылұлы сөйледі: «Адам дінді білмегеннің салдарынан жат ағымдардың жетегінде кетіп жатыр. Сол себепті адам баласы ең алдымен өз дінін жақсы білуі тиіс. Осының барлығы білімсіздіктің салдарынан болып жатыр,» – деп сөзін қорытындылады.                 

Ж. Мырзалиев      

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: