Облыстық Жастар ісі департаментінің ұйымдастыруымен «Аспара» колледжінде иманды жүздесу өтті. Жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Жастар ісі жөніндегі өкілі Ержан Аманбаев, Тарихи ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының Тарих және арихеология бөлімінің маманы Асылжан Шайділдаев қатысты.
Студенттерге асыл дініміздің құндылықтары, діни тәрбие жайлы әсерлі уағыз-насихат жүргізілді. Жат ағымдардан сақтану жолдары мен ақ пен қараны айырудың басты негізі - діни сауаттылықта жатқаны да тілге тиек болды.
Жастар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, дін өкілінен дәлелді жауаптарын алды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.