Қасық ауылындағы имандылық дәрістері

Қасық ауылындағы имандылық дәрістері

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасық ауылдық «Құдайберген» мешітінің имамы С.Аманбаев және ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасының ұйымдастыруымен  ауылдық №23 орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларына имандылық иірімдері атты дәріс өткізілді.

Дәріске аудандық «Қордай» мешітінің найб имамы, дінтану магистрі Дәуренбек Жандосұлы қатысты.  Кездесуді өткізудегі басты мақсат – мектеп оқушыларын  ата-баба діні Ислам жайлы дұрыс түсіністік қалыптастырып, Ислам мейірім мен әділеттілік діні екендігін жастар санасына жеткізу. Жат ағымдардың арбауынан сақтап, олар жайлы тыңғылықты ақпарат беру.   Жүздесуде найб имам Дәуренбек Жандосұлы оқушыларды ең алдымен білімде алда болуға, ғылымда жарысқа түсуге шақырды. «Қасиетті Құранда Алла тағала адам баласын білімді болуға, көркем мінез құлықтың иесі болуға шақырады. Алғашқы Құран аятының өзі «Оқы» деген бұйрықпен түскен. «Зумар» сүресінің 9 аятында «Білетіндер мен білмейтіндер тең бола ма?..» («Зумар» сүресі, 9-шы аят) деп білімділердің дәрежесін береді. Шыңға қалықтап қыран да, жорғалап жылан да жетеді. Маңыздысы – теңіздей терең біліммен, шынайы сеніммен, тура жолды таба алғандарыңыз. Білім жолындағы тәрбие, мінез-құлық та маңызды рөл атқарады- деп, оның да орнын айқындайды. «Момын деген атқа лайық иісі мұсылман баласы өз қатарластарының баршасын бауырындай жақын тартып, бір-біріне қалқан, қорған да болуы міндетті,» - деді Дәуренбек Жандосұлы өз сөзінде.

Найб имам мұнан соң осы киелі білім шаңырағына жетектеп, «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай» мәпелеп өсірген ата-ананың алдындағы перзенттік міндетін естен шығармау керектігін де айтып өтті.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: