Меркі ауданының орталығында орналасқан №18 Ақкөз Қосанұлы атындағы мектепте жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесу барысында «Имандылық ізгі жолға бастайды» атты дәстүрлі Ислам діні және имандылық турасында уағыз айтылды.
Жиында болған бас имам Батырбек қажы Ислам діні құндылықтарына тоқталып, имандылық жайында әңгіме қозғады. «Мектепте оқып жүрген жастар еліміздің болашағы сіздер, мына алпауыт заманда білімді болу заман талабы. Аллаға шүкір, мемлекетіміз барлық жағдай жасауда. Осындай мүмкіншілікті пайдалануымыз керек,» - дейді ол.
Жиын соңында ұстаздар мен оқушылар сұрақтар қойып, толыққанды жауап алып тарқасты.
Аудандық «Меркі-ата» мешіті