ТарМУ жастары имаммен жүздесті.

ТарМУ жастары имаммен жүздесті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Жаңа-ру» жастар коалициясы мен М.Х.Дулат атындағы Тараз мемлекеттік университетінің жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизм мен терроризм: мәні және Қазақстанға ықпалы» тақырыбында дөнгелек үстел өтті.

Аталған іс-шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Жастар ісі жөніндегі өкілі Ержан Аманбаев, университет белсенділері мен студенттер қатысты.

Жиынға «Жамбыл облыстық қоғамдық бақылау және мониторинг орталығы» қоғамдық қорының президенті, Тараз қалалық мәслихатының депутаты, заң ғылымдарының магистрі Серікбол Берікқожа модераторлық етті. М.Х.Дулат атындағы Тараз мемлекеттік университетінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы Адина Аинаева «Діни экстремизм мен терроризм: Жастар және болашақ» тақырыбында баяндама жасап өтті.

Дөңгелек үстелген арнайы шақыртылған облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде найб имамы Ержан Аманбаев «Діни экстремизм мен терроризм: мәні және Қазақстанға ықпалы» тақырыбында насихат жүргізді. Қазіргі таңда етек жайған жат ағымдар мен дәстүрлі дініміздің ара-жігін айырып түсініктеме беріп өткен имам имандылық пен тәрбие жайын да сөз етті. Сонымен қатар студенттер көкейкесті сауалдарына толыққанды жауаптарын алды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: