Мұхаррам айынан қайырым

Мұхаррам айынан қайырым

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін «Һибатулла Тарази» мешітінде мұсылмандық жыл санау бойынша жаңа жылдың бірінші айы Мұхаррам айының құрметіне қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды. Шара аясында көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж 10 отбасыға азық-түлік үлестіріліп, көмек көрсетілді.

Отбасыларға арналған қажеттіліктерді ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев пен ҚМДБ-ның Жамбыл облысы Жастар ісі жөніндегі өкілі Ержан Аманбаев табыстады.

Қашанда Алла үйі мешітке арқа сүйеп, өз қуанышы мен қайғысын ортақтасатын жұртшылық шын жүректен алғысын айтып, ризалықтарын білдірді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: