«Бірлікүстем» ауылдық мешітіне 20 жыл толды

«Бірлікүстем» ауылдық мешітіне 20 жыл толды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Шу аудандық «Төле би» мешітіне қарасты «Бірлікүстем» ауылдық мешіті 20 жылдығын атап өтті.

Бірлікүстем ауылдық мешітінің молдасы Жетпістін Әлімбеков және мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарына арнап мәдениет үйінде діни кеш ұйымдастырылды.

Рухани іс-шара Құран аяттарымен ашылып, Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадистері мен діни өлендер айтылып, көріністер көрсетіліп, соңында келген жамағатқа дастархан жайылып ас таратылды.

Ұйымдастырылған кешке арнайы ауданның найб имамы Талғат Кәрібайұлы қатысып, аудандық мешіттің атынан жергілікті жамағатқа құттытау сөзін айтып, Алла Тағаланың жердегі үйі «мешіттер» жайлы әсерлі уағыз-насихат айтты.

Шара соңында Құран оқылып, ақсақалдарымыз батасын беріп, қатысқан жамағат өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Шу аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: