«Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет,» – дейді дана халқымыз. Т.Рысқұлов аудандық мешітінің ұйымдастыруымен халықаралық қарттар күніне орай, ақсақалдар жамағатына дастархан жайылып, құрмет көрсетілді. Дастархан басында ақсақалдар өз ризашылықтарын білдіріп, мешіт ұжымына бейбіт-берекелі ғұмыр, жұмыста табыс тілеп, батасын берді.
Кездесу соныңда аудан имамы Сұлтаншәріп қажы Құран оқып дұға жасады. Алла Тағала ата-әжелерімізге ұзақ ғұмыр беріп,
немере-шөбересінің қызық қуанышын көруге нәсіп етсін!
Әбілда МЕЙІРХАНОВ