Имам мектеп оқушыларымен кездесті

Имам мектеп оқушыларымен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Ел ертеңі-бүгінгі ұрпақ екенін үнемі жадында сақтайтын жастар Қазақ халқы қашанда жастарын имандылыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеген. Сондай шараның жалғасы ретінде Құлан ауылында ауданның бас имамы Сұлтаншәріп қажы Жақыпбекұлы «Жастар және дін» тақырыбында мектеп оқушыларымен  кездесу өткізді.

Кездесуде аудан имамы қазіргі таңда белең алып бара жатқан жат ағымдардың қоғамға зияны туралы және осындай диструктивті ағымдардан бойларын аулақ ұстауға үндеді. Жастар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға толыққанды жауап берілді.

Жастарды теріс діни ағымнан бойларын аулақ ұстау, жастарды имандылыққа тәрбиелеу мақсатында  ұйымдастырылған кездесу соныңда аудан имамы жастардың оқуларына жеміс тілеп қоштасты.

Әбілда Мейірханов

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: