«Жәми» мешітінің бас имам жамағатпен жүздесті

«Жәми» мешітінің бас имам жамағатпен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елімізде 1-қазан қарттар күні екені баршаға мәлім. Осыған байланысты Шу қаласының бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің жамағатымен жүздесіп, ҚМДБ-ның бекіткен «Қарияға құрмет – мұсылмандық міндет» тақырыбы бойынша жамағатқа әсерлі уағыз айтты.

Дана халқымызда «Қариясы бардың – қазынасы бар» дегендей, қоғамда қариялардың атқарар рөлі өте маңызды. Баланы жасынан демекші ұлттың, елдің болашағы жастарда екені белгілі сондықтан, үлкендеріміз жастарды имандылық жолында тәрбиелесе нұр үстіне нұр болмақ. Ал, иманды болып өскен бала ұлт болашағы, үлкенге құрмет көрсетіп кішіге ізеттілік танытатын буын өсер. Мінекей, сол бала, қарияны құрметтеп, тәуелсіз еліміздің болашағын олайтын ұрпақ болары сөзсіз.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің хадисінде: «Алланың разылығы ата-ананың разылығында, Алланың ашуы ата-ананың ашуында» дегендей, баланың болашағы – бақыты үйдегі ата-ананы, түздегі ақсақалды қария мен ақжаулықты ананы сыйлауда екенін айтып өтті.

Шу қалалық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: