Ұлттық тәрбие – ұлт қазынасы

Ұлттық тәрбие – ұлт қазынасы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ауданға «Қазақстан – 2050» Мәңгілік Ел ұранымен «Қазақстан – Ұлы дала елі!» атты ақпараттық керуен келді. Бұл ақпараттық топ Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын ілгерілету бойынша іс-шаралар ұйымдастыру жобасы аясында құрылған. Жобаны іске асырушы «Асыл Арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігі. Ақпараттық керуен құрамына қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері, ғалымдар, этномәдени бірлестік мүшелері мен жастар, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері тартылған.

Ақпараттық топ Бауыржан Момышұлы ауыл әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан тұрғындарымен кездесті. Ақпараттық топтың жұмысы Тараз қаласынан басталып, Жуалы ауданында «Ұлттық тәрбие – ұлт қазынасы» атты тақырып аясында жалғасын тапты. Оған  ауыл ақсақалдары, мекеме қызметкерлері мен жастар қатысты. Жиынды «Жастар ресурстық орталығы» директорының орынбасары Жәнібек Мырзалиев ашып, сөз тізгінін топ жетекшісі «Асыл Арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ринат Нұрақбаевқа ұстатты. Өз кегінде Ринат Даниярұлы ақпараттық топ мүшелерімен және іс-шараның мақсатымен таныстырды.

Тақырып аясында ақпараттық топ мүшелдері облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Сансызбай Жорабеков, Жамбыл политехникалық колледжінің оқытушысы, тарихшы Ғалымжан Жұмашев, Жамбыл облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының бас маманы Мақпал Сатыбалдықызы, Қазақстан  ардагерлері «Ерекше тәуекелді солдаттар» ұйымының мүшесі Мақсат Шөкешов пен Тараз жастар орталығының ақпараттық, дін проблемаларын талдау секторының жетекшісі Айбек Қадіралиев сөз сөйлеп,  Елбасының Мәңгілік Ел идеясы төңірегінде ойларын ортаға салды. Залдан «Нұр Отан» партиясының аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Анар Ахметова, ауданның бас имамы Алмас Кенжемолдаев, Мыңбұлақ және Ақсай ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшелері Салыбай Ахметұлы мен Кеңесбек Шымкентбаев ақпараттық топтың айтқандарын құптай отырып, жастарды Отанның патриоты болуға үндеді.

Шара соңына таман «Асыл Арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігінің психолог маманы, жас ақын Марал Хантөреқызы «Қазақстан» атты өлеңін оқыды. Ал Ақпараттық топтың жұмысын  «Асыл Арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ринат Нұрақбаев қорытындылады.

М.Құлибаев.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: