Әскерилер дін және иман жайын сөз етті.

Әскерилер дін және иман жайын сөз етті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қалыптасқан дағды бойынша аудандық «Қордай» мешітінің найб имамы, дінтану магистрі Дәуренбек Жандосұлы әскери қызметкерлермен кезекті кездесу өткізді. Келелі кездесу ҚР ҚМ Отар 40-шы әскери базасының офицерлер және келісім шарт қызметкерлерімен өтті. Жиынға жалпы 600 әскерилер қатысты. «Дін, Отан және әскер» тақырыбының аясында жүргізілген іс-шарада дін маманы Д.Жандосұлына өз баяндамасында дін жайлы жалпылама түсінік беріп, Ислам дінінің ел тарихындағы ерекше орнын атап өтіп, салт-дәстүрмен сабақтаса білген ата дініміздің құндылықтарын паш етті.

Кездесу барысында соңғы кездегі өзекті тақырып жат ағымдар жайлы да сөз қозғалды. Найб имам жат ағымдардың құрбаны болғандардың іс-әрекеттері жайлы, олардың өз қақпандарына түсіру мақсатында жасалынып жатқан әрекеттеріне тоқталып өтті. Негізгі ерекшеліктерін тізбектеп, теологиялық қателіктерін атап өтті. Сарбаздар арасында орын алатын суицид тақырыбында да кең көлемді уағыз атып, дәлелдерді дінімізбен дәстүріміздің құндылықтарымен ұштастыра білді. Жиналған азаматтардың көкейкесті сұрақтарына жауап берді. Әскери база басшылығы дін маманына, кәсіби армияның рухани болмысына оң әсер ететін осындай жиындарға белсенді қатысқанына алғысын айтып, жиі қонақ болуға шақырды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: