"Әулие ата" мешітінде жөндеу жұмыстары жасалды.

"Әулие ата" мешітінде жөндеу жұмыстары жасалды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мешіт – Алланың жердегі үйі, әлемдегі халықтың ең көп құлшылық жасайтын орны. Қасиетті Құранда: «Алланың мешіттерін шынымен Аллаға және ақырет күніне сенген, намазды толық өтеген, зекет берген, тек қана Алладан қорыққан адамдар ғана ұстайды. Міне, солардың тура жол табушылардан болуы үміт етіледі,» - дейді («Тәубе» сүресі, 18-аят).

Тараз қаласында орналасқан «Әулие ата» мешітінің имамы Ораз Баймаханов қажының ұйымдастыруымен және мешіт жамағатының демеушілігімен мешіттің есік-терезелерімен едендеріне сырлау, әктеу тазалық жұмыстары жасалды.

Алланың жердегі үйі саналатын мешіттерді жамағатқа қолайлы болу үшін әрдайым тазалықта, жақсы жағдайда сақтау дін қызметкерлерінің басты міндеті. Бұл бағытта мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ішкі-сыртқы әрлеу жұмыстары әрдайым тұрақты атқарылып тұрады.

 "Әулие ата" мешіті

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: