Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Шу өңірінің жамағатымен кездесті.
Аудандық Мәдениет үйінде жиналған халыққа РАТТ мүшелері жат ағымдардың қоғамға келер залалы және олардан сақтану мен алдын алу жолдары кеңінен түсіндіріп өтті.
РАТТ мүшелерімен өткен жиынға аудан имамы Аят Дыбысұлы бастаған ауыл молдалары және мұғалімдер мен мемлекет қызметкерлері де қатысты.
Сонымен қатар бағдарламаға сәйкес Шу қаласындағы қалалық «Жәми» мешітінде Бесін және Құптан намаздарында жамағатқа қоғамдағы теріс ағымдардың қайдан туындайтының және ислам тарихы турасында әсерлі уағыз-насихат айтты.
Қатысқан жамағат көкейлерінде мазалап жүрген сұрақтарға өз жауаптарын толығымен алып, алдағы уақыттада осындай кездесулердің жиі өткізулерін сұрады.
Шу аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі