Жаңатұрмыс округі Көкбастау елді мекені «Амангелді» орта мектебінде ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен аталған тақырыпта ауыл тұрғындарымен кездесу өткізілді. Жиында Жамбыл облысы «Дін проблемаларын зерттеу» орталығының маманы Қырғызбай Бағлан арнайы жиналған көпшілік қауымға экстремизім мен терроризмнің алдын алу жолдарын айтып, баланы қалай тәрбелеу керектігін жеткізді.
Радикалды бағыттағы топтардан қорғау мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада сөз алған «Қалмұрат баба» мешітінің молдасы Бақытбек Сағымбаев бала тәрбиесіне байланысты бір қатар мәселелерді айтып, кездесуге келген көпшіліктің қойған сұрағына мардымды жауабын берді.