Шу жамағаты РАТТ мүшелерімен жүздесті

Шу жамағаты РАТТ мүшелерімен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елімізде халықтың діни сауаттылығын арттырып, жат ағымдардың ара-жігін ажырата білу мақсатында ақпараттық насихат тобы құрылған болатын.

Аталған топ мүшелері арнайы Шу қаласындағы «Жәми» мешітінде қала және ауыл молдаларының қатысуымен жиын өткізді.

Кездесуге Шу ауданы әкімінің орынбасары Ержан Бегалиев, Шу қаласының бас имамы Қуат Үрпеков,  күні кеше облыс орталығы Тараз қаласында болған РАТТ мүшелері ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының бас сарапшысы Нұрғали Қабылов, "Хазрет Сұлтан" мешітінің найб  имамы Асқар Әбітайұлы қатысты.

Дін істер комитетінің өкілі елімізде жаңадан құрылған Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің негізгі функцияларын, құрылғандағы мақсатын айтып өтті. "Хазрет Сұлтан" мешітінің найб  имамы Асқар Әбітайұлы ауыл молдаларына уағыз айтып, халықпен тығыз байланыста болудың маңыздылығын  түсіндірді. Аудан әкімінің орынбасары Ержан Бегалиев жиналған жамағатқа алғысын айтып, тәуелсіз еліміздің қадірін білуге шақырып, оны сақтаудың бірғана жолы ауыз бірлік екенін айтып ынтымақтаса отыра жұмыла халыққа қызмет етуге шақырды.

Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: