Ағымдағы жылдың 27 қыркүйек күні Жамбыл ауданына Рспубликалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері келіп, аудан тұрғындарымен кездесу өткізді.
Аталған кездесулер аудандық мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен (400 адам), аудандық «Бәйдібек» мешітінде ауылдық округтердегі мешіттерінің бас имамдарымен, мешіт жамағатымен (100 адам), «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мәжіліс залында аудан жастарымен және меке-ұйымдардағы жас қызметкерлерімен (200 адам) өтті.
Топ құрамында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Иманбаев Мейрам Өткелбайұлы, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының бас сарапшысы Қабылов Нұрғали Бердіқұлұлы, Қазақстан Рспубликасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы Исламды зерттеу бөлімінің қызметкері Жанақов Берікбол Мергенбайұлы болды.
Аудан жұртшылығына қойған сұрақтарына тұжырымды жауаптар алды.