Жамбыл жұртшылығы Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобымен жүздесті

Жамбыл жұртшылығы Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобымен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Радикалды ағымдардан халықты қорғау, жат ағымдардың алдын алу мақсатында Жамбыл облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы «Кеңесхан қажы» мешітінің жамағатымен кездесті.

РАТТ мүшелерімен өткен жиынға «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ғалымбек Жапек, сондай-ақ, Ғазиз Ахметов бастаған қала имамдары да қатысты.

Мәжілісте ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының бас сарапшысы Нұрғали Қабылов жамағатқа қазіргі болып жатқан жағдайлар, жат ағымнан қорғану, дұрыс және бұрыс мәліметтерді ажырата білудің әдістерін түсіндірді.

"Хазрет Сұлтан" мешітінің найб имамы Асқар Әбітайұлы болса, жамағатты бөлінбеуге, тату болуға, діни білімді арнайы дұрыс бағыттардан алуға шақырды.

Бағдарламаға сәйкес, аталған Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы бүгін М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-да, Тараз қаласы әкімшілігінде, Облыс әкімдігі білім басқармасында мәжіліс өткізген болса, ендігі кезекте Шу және Жамбыл ауданының жамағатымен жүздесуді, «Қазақстан-Тараз» телеарнасындағы сұхбатқа қатысуды жоспарлап отыр. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: