Салафизм – жалғандыққа сүйенген жат ағым

Салафизм – жалғандыққа сүйенген жат ағым

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен Көлбастау ауылдық округінің «Құли баба» мешітінде жамағат арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында кездесу өткізілді. Сондай-ақ, діни насихат жұмыстары Ақтөбе және Бәйтерек ауыл әкімшілігінің ғимаратында, Ақтөбе «Тірек» мектебінде, Теріс ауылы «Ломоносов» мектебінде жалғасты.

Жамбыл облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының бас маманы аға инспектор Бағлан Қырғызбаев және «Әбдіқадыр» мешітінің бас имамы Айнабек Ахметов қатысты.

Алғашқы болып Жамбыл облысы «Әбдіқадыр» мешітінің бас имамы А.Айнабек жұма уағызын жүргізді.

«Қазіргі Қазақстандағы «салафилік» — өткен адамдардың іс-әрекеттерін қаз қалпында, боямасыз көшіруге және өздерінің пайымдауларымен қабылдауға тырысқан, білім, ғылымнан жұтаң, саяси мақсаттар мен мүдделерге жету жолында қырғи-қабақ болған діни бағыт. Олар «сәләф» атын жамылып, өздерін алғашқы үш буынның жолын ұстанушылармыз, сондықтан біз салафилерміз деп жарнамалап, әлемге жар салуда» - дейді имам өз сөзінде.

Ж. Мырзалиев

«Жастар ресурстық орталығы» директорының м.а.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: