Мойынқұм ауданы Құрбан айтқа ерекше дайындалды.

Мойынқұм ауданы Құрбан айтқа ерекше дайындалды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Арафа күні Мойынқұм аудандық мешітінің жамағаты бірлесіп мешіттің ішкі және сыртқы айналасына тазалық жұмыстарын жүргізді. Құрбан айт мерекесін дәріптейтін ақпарат мәліметтер, мақалалар он күн бұрын дайындалып, «Мойынқұм таңы» газет беттерінде жарық көрген болатын.

Мешіттің алдында және көрнекті жерлерде «Құрбан айт құтты болсын» құттықтаулар ілінді. Құрбан айттың бірінші күні мешіт іші жамағатпен толысты. Мойынқұм аудандық мешітінің бас имамы З.Исаев уағыз-насихат айтып, Құрбан шалудың тарихына тоқталып өтті. Айт намазы 7:30 да оқылып, аудан әкімі Бақытжат Балтабекұлы халықты құрбан айт мерекесімен құттықтап, елімізге ауылымызға бірлік-ынтымақ тіледі.

     Айт намазынан кейін құрбан шалынды. Аудан әкімі Бақытжат Нүркенов бір ірі қара малын құрбандыққа шалды. Бәкір Исабеков өз отбасының атынан бір ірі қара малын құрбан шалып, Қосымша бес қой құрбан шалынды. Қылышбай ауылында бір ірі қара құрбан шалынды, еті 19 отбасыға таратылды. Бұл құрбан еттері, аудандағы көмекке зәру,жағдайы төмен отбасыларға, көп балалы, жалғыз басты аналарға таратылды. Аудан бойынша барлығы 79 отбасыға үлестірілді.

     Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Әлсіз мұсылманнан күшті мұсылман артық»,Хадисінде:«Балаларыңызды атқа шабуға, садақ атуға,с  уға жүзуді үйретіңіздер» деген хадисті ұстана отырып, Мойынқұм аудандық мешіттің ұйымдастыруымен, халық аудандық атшабар алаңына жиналып, тай бәйге және тоқ бәйгені тамашалады!

      Тай бәйгеде 1 орынға – жабулы тана, 2 орынға – жабулы сек, 3 орынға – тоқты, Тоқ бәйгеге 1 орынға – 1 кілем, 2 орынға – 5000 теңге, 3 орынға-3000 теңге тарту етілді.

     «Тай бәйге» бойынша бірінші орынды жеңіп алған Кенже Жүгібаев Мойынқұм ауданы, екінші орын – Болат Ахетов Мойынқұм ауданы, үшінші орын –Шу ауданы қанжығасына байлады. «Тоқ бәйге» бойынша бірінші орынды Мойынқұмдық Айдар Мұқашев жеңіп алса, екінші орын –Мойынқұм ауданы, үшінші орын – Нұрлан Әжиұлы Жамбыл ауылының тумасына бұйырды

     Артынан салма көкпар ойнатылып, көкпарға Қойайдар атамыз бата берді. Қазандыққа салған әр көкпаршыға 2000 теңгеден ақшалай сыйлықтар берілді. Барлығы 20 000 теңгені құрады.

     Құрбан айттың екінші күні бас муфти Ержан қажы Малғажыұлының «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялануына сәйкес, Мойынқұм аудандық мешітінің бас имамы З.Исаев ұйымдастыруымен қазақтың ұлттық ойындары мектеп жастағы балалармен, ересектер арасында қол күрес, гір тасын көтеру, арқан тартыс ойыны жүргізілді. Жеңімпаздарға мешіт атынан мақтау қағаздары мен бірінші орынға 5000 теңге, екінші орынға 3000 теңге, үшінші орынға 2000 теңгеден ақшалай сыйлықтар берілді. Барлығы – 40 000 мың теңгені құрайды.

    Құрбан айт мерекесін келесі жылға дейін сағына күтуді, мешітке келуді, тануды, Ислам дінін үйренуге шақырудың мақсатында Мойынқұм аудандық мешіттің ұйымдастыруымен жасөспірім бүлдіршіндерге арналып, мешіт алаңына батут құрылып, сусын, балмұздақ, шоколадтар таратылды.

     Биылғы жылы Мойынқұм ауданының халқы мен мешіт жамағатының бірлесіп жұмыла ат салысуының септігінен Аллаға шүкір ауданда Құрбан айт мерекесі жоғары деңгейде өтті.

Ә. Сүйіндік

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: