Аудандық «Қордай» мешітінің ауласы көркейе түсті

Аудандық «Қордай» мешітінің ауласы көркейе түсті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өз күмбезімен, сыртқы келбеті арнайы кірпіштермен безендірілген Қордай ауылының дәл орталығында орналасқан аудандық мешіт талай жұртты тамсандырады. Тоғыз жолдың торабында орналасқан Қордайға келген азаматтар мешітіміздің әдемілігіне тамсанып, естелікке суретке түсіп жатқандығын талай кезде куәсі болғанбыз. Жомарт жандардың демеушілігімен биылғы жылы мешітіміздің іші де күрделі қайта жөндеуден өтіп жатқандығы тағы бар. Алла нәсіп етсе бір ай ішінде де бұл жұмыс та өз мәресіне жетеді. 

Бұл жайттармен жұмыс шектелмей, ұлық болған мереке Құрбан айт қарсаңында аудан басшылығының тізгінін ұстаған мешіт жанашырларының көмегімен мешітіміздің авто тұрағы толығымен асфальтталды. Мешіттің бас қақпасы орталық көше бойында орналасқан, бірақ жамағатымыздың ыңғайына арнайы жолы бар  қосымша дарбаза жасалынған, аталмыш жолда басынан аяғына шейін асфальтталып, мешіт көркіне көрік қоса түсті.  Сауапты істі жұмыла атқарған барша азаматтарға алғысымыз шексіз.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: