Мемлекеттік қызметкерлерге дәріс өткізілді

Мемлекеттік қызметкерлерге дәріс өткізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық әкім аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің ұйымдастыруымен аудан әкімшілігі ғимаратында бірқатар бөлім басшылары мен мамандары, ауылдық округ әкімдері қатысқан «діни сауаттылық және әлеуметтік желі» атты тақырыптағы жиын өтті.

Жиынға бөлім басшысы А.Бегалиева төрағалық етіп, аудандық «Қордай» мешітінің найб имамы, АНТ мүшесі Д.Жандосұлы баяндама жасады. Мемлекеттік қызметкерлермен болған кездесуде Д.Жандосұлы  «Жат ағымнан сақтанудың негізгі жолы –діни сауаттылық» тақырыбы аясында түсіндірме жүргізді. Өз сөзінде Д.Жандосұлы жат ағымдардың қоғамымызға зияны жайлы айтып, олардың дәстүрлі исламнан ерекшілігін сипаттап берді.

 «Жат ағым желіде етек жаяды» тақырыбында сөз қозғалып аталмыш ағымдардың әлеуметтік желідегі  әрекеттері баяндалып, өз «құрбандарымен» жұмыс істеу тәсілі мен  әдістерін Д.Жандосұлы кеңінен түсіндірді. Жиын соңында Ақ-марал Бегалиева діни-радикалды ағымдардың қоғамға, жастарға әсері және діни сауаттылықтың арттыру жөнінде кеңінен мәлімдеген Д.Жандосұлына алғыс айтып, ауылдық округ әкімдеріне, білім беру мекемелеріне жергілікті тұрғындармен, әсіресе жастармен Д.Жандосұлының қатысуымен түсіндіру жұмыстарын кеңінен қолға алу тапсырылды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: