«Һибатулла Тарази» мешітінде демеушілердің қолдауымен қайырымдылық науқаны ұйымдастырылды. Іс-шара аясында 10 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды.
Қажеттіліктерді әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі жандарға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Жастар ісі бөлімінің өкілі Ержан Аманбаев пен «Һибатулла Тараз» мешітінің іс-басқарушысы Халид Қожахметов үлестірді.
Материалдық жағдайына жамау болып, жәрдем көрсеткен абзал жандарға мұқтаждар шын жүректен алғысын айтты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.