Құрбан айт елімізге береке боп кіріп, халықтың татулығы мен бірлігін күшейтіп, шаттыққа бөледі.
Аталған ұлық мерекеге орай «Һибатулла Тарази» мешітінде қайырымдылық науқаны өтті. «Яссауи» қорының демеулігімен 70 отбасыға құрбан малының еті таратылды.
Қайырымды жандардың көмегімен кәделі болған мұқтаждар қуаныштарын жасырмады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.