2 жарым тонна ет мұқтаждарға үлестірілді

2 жарым тонна ет мұқтаждарға үлестірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құрбан айт мерекесі пендені Алла тағалаға жақындатып қана қоймай, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынасты жақсартатын және ынтымақ-бірлігін арттыратын ұлық мереке екені сөзсіз. Осыған орай, әрбір шамасы келген мұсылман баласы Алла жолында құрбандық малын шалып, игілікті іске үлестерін қосып, мұсылмандық мінез танытты. Алланың әмірімен Құрбан айт мерекесінде арнайы құрбан малы шалынатыны белгілі. Алла тағаланың Құран Кәрімде «Намаз оқы және құрбан шал» (Кәусар, 108, 3), — деп бұйыруы құрбан шалудың уәжіптілігін білдіреді.

Бүгін құрбан айттың бірінші күні «Һибатулла Тарази» мешіті халыққа ет үлестірді. Құрбандық 3 күн бойы шалынады. Ал бүгін «Құрбан айттан теберік» науқанының аясында шалынған 2 жарым тонна құрбан малының еті алдын-ала тізімге алынған 450 мұқтаж отбасыға таратылды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: