Құрбан айт келді құт болып!

Құрбан айт келді құт болып!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рухани байытып, бірлігімізді бекемдейтін Құрбан айт мейрамы әлемнің түкпір-түкпірінде аталып өтуде. Күллі жұртты ұйыстырған айтта халық үй-үйді аралап, туыстықты, достық пен бірлікті нығайтуда.

Аталған мереке Алла үйі мешіттен басталып, думанмен жалғасатыны белгілі. Бүгін күн нұр кірпігін қаққан сәтен бастап жамағат Жамбыл облысының рухани жүрегі «Һибатулла Тарази» мешітіне жиналды. Таң қылаң бере Құран оқылып, «Құрбан айт» жайлы сүбелі уағыз жүргізілді. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев халыққа дұға тілеп, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының құттықтауын жеткізді.

Мерекеге өз делегациясымен арнайы келген Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев жамағатты Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар православие дінінің епископы айт мерекесіне келіп, өз құттықтауын жеткізді. Тараз шаһары таңғы сағат 7.30-да айт намазын оқып, ел амандығын тілеген көпшілік Аллаға мадақ айтып, дұға етті.

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өсиетіне (сүннетке) сай ақ дастархан жайылып, айт намазынан соң жамағат дәм татты. Құрбан малдары шалынып, шариғат шарттарымен таратылуда.

Ал, әйелдер жамағаты киелі дастархандарын жайып, кейуана әжелеріміз ақ баталарын берді. Мешіт жанынан ашылған қыздар сауат ашу курсының ұстаздары мен шәкірттері бастаған бағдарлама қойылды. Қасиетті Құранның теңдесіз аяттарымен басталған іс-шара ұстаздардың уағызымен, шәкірттердің ғибратқа толы көріністерімен, Аллаға мадақ әндерімен жалғасын тапты. Әжелер мектебін жандандыру мақсатында салт-дәстүрден таным, ененің келін тәрбиелеу мектебінен сабақ алған нәзік жандыларға әжелеріміз табақ тарату әдебін түсіндірді.

Сонымен қатар түрлі спорттық ойындар жүргізілді. Мәселен, арқан тартыс, гір тасын көтеру, ләңгі тебу, қол күрес. Додада жеңіп шыққан палуандар үздік деп танылды. 

Береке болып кіген айт ендігісі мерекеге ұласуда.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

Найб имам Әбжаппар Әмір Құран оқуда

Бас имам Данияр қажы Жұмабаев уағыз жүргізуде

Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев құттықтау сөзін жолдауда

Айт намазы

Мешіт қариясы халыққа ақ батасын берді

Құрбан айт мерекелік дастарханы

Бас имам БАҚ өкілдеріне сұхбат беруде

Құрбандық шалу рәсімі

Әжелер мектебі

Әйелдер намазханасындағы мерекелік іс-шара

Спорттық ойындар сайысы

Айт құтты болсын!

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: