Қордай жұртшылығы үмбеттің ұлы күнін мерекеледі

Қордай жұртшылығы үмбеттің ұлы күнін мерекеледі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әлемдердің Раббысы ұлық етіп бізген нәсіп еткен Құрбан айт та елімізіге жетті. Әлемдегі барша мұсылман осы мерекені тағатсыздана, жақсы ниеттермен, қуана күтіп жатты. Бұл мұсылмандардың Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с.) үмбетін біріктіретін ұлық күн.

Таң намазынан бастап аудандық «Қордай» мешітіне жамағат ағыла бастады. Мешіт лық толып, тіпті жиналған жұрт сыймай да жатты. Мінбарға аудан бас имамы Ж.Шалбаев шығып құрбандық жайлы, құрбан айт жайлы әсерлі де, әсем уағыз айтты. Мерекелік жиынға құрметті қонақтардың ішінде, сенат депутаты М.С.Жолдасбаев, аудан әкімі Қ.Ә.Досаев, әкімінің орынбасары Б.Т.Жамангозов, ардагерлер кеңесі төрағасы Б.Әлімбет сынды азаматтар болды. Аудан аудан әкімі Қ.Ә.Досаев барша мұсылман қауымын мемлекеттік мереке болған Құрбан айтпен құттықтап, ниеттердің, дұғалардың қабыл болуын тілесе, сенатор М.С.Жолдасбаевта жиналған жамағатты құттықтап, «Алла деп басталған іс Алдымен бітеді» – дей келе мешіттегі жөндеу жұмыстары жайлы баяндап, аз уақытта жөндеу жұмыстары толық аяқталатынын жеткізді. Айша анамыздан жеткен хадисте Алла елшісі (с.ғ.с.): «Бұл күнгі ең үлкен – құлшылық – ол құрбан шалу» -деген хадисіне сай намаз аяқталаса сала жиналған мұсылман жұрты арнайы дайындалған құрбан шалу орындарына шоғырланып өз құлшылықтарын жасап, құрбандарын шалып, Жаратушыдан дұға тілеп жатты.

Атап кетелік, жайт аудандық «Қордай» мешіті аудан әкімшілігімен, аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен, аудандық мүгедектер қоғамымен және ардагерлер кеңесімен бірігіп мұқтаж жандарға құрбандық малдарының еттірін таратуға әзірлік жасап, игі істі іске асырып мұқтаждарға қол ұшын созуда.

            Құрбан шалумен қатар, жиналған қауым спорт ұйымдарын тамашалады. Жамағат арасында, қазақша күрес, түйе палуандар күресі, арқан тарту және  қол күресі  сайыстары өтті. Сайыстар қызықты өтіп, дәстүрмен сабақтаса түсті.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: