Қордайлықтар Құрбан айтқа әзір

Қордайлықтар Құрбан айтқа әзір

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұлық мереке асыға қазақ еліне адымдай бастады. Міне, осындай ұлық мейрамда  мерекелік көңіл-күй қалыптастыру мақсатында аудандық «Қордай» мешіті және аудандық мешіттер түрлі іс-шаралар ұйымдастыруда. Аудандық «Қордай шамшырағы», «Кордайский маяк» және «Кәсіпкер жаршысы» аудандық қоғамдық газеттерге «Ұлық мереке Құрбан айт» және орыс тілінде «Великий праздник Курбан айт» атты мақалалары, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының құттықтауы, облысымыздың өкіл имамы Д.Жұмабаевтың құттықтаулары жарық көрді.

 Мемлекеттік мекеме басшыларына, демеушілерге, ақсақалдарға және жамағатқа «Құрбан айт мерекесі құтты болсын!» атты құттықтау хаттары таратылды. Орталық Жібек жолы көшесіне және Қордай-Алматы автодәлізіне құттықтау баннерлері ілінді. Мешіттерде сенбіліктер ұйымдастырылып, құрбан шалу орындары дайындалды. Алла қаласа мерекені тиісті деңгейде өткізуге әзірлік жақсы.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: