Күллі жұртты бірлікке ұйытып, шаңырақтың сәнін келтірер ұлық мереке Құрбан айттың қарсаңында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі «Һибатулла Тарази» мешітінде қала және аудан имамдарының кезекті мәжілісі өтті.
Іс-шараға ҚМДБ Уағыз-насихат және интернетпен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, Ғұламалар кеңесінің хатшысы, PhD докторы Ершат Оңғаров, Жамбыл облысы Дін істері басқармасының бас маманы Еркебұлан Есмаханов қатысты. Жиында аталған мейрамға байланысты жасалып жатқан дайындықтар талқыланып, бірқатар тапсырмалар жүктелді. Қала мен аудан мешіттерінің жұмысы мен жағдайы қаралып, түйіткілдің түйіні тарқатылды. Кездесуде имамның тұлғалық келбеті жайлы баяндалды.
Сонымен қатар жиынға қатысқан қонақтар мен орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев «Қазақстан Тараз» телеарнасының арнайы шақыртуымен «Дін мен дәстүр» тақырыбында сұхбат беріп қайтты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.