Хабарландыру!

Хабарландыру!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құрметті Тараз жұртшылығы!

Күллі мұсылман халқының ұлық мерекесі Құрбан айт мейрамының бірінші күні 12 қыркүйек орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде айт намазынан соң спорттық сайыс ұйымдастырылмақ.

Имамдар, жастар, белсенділер мен жамағаттың қатысуымен спорттық эстафета, қол күрес пен гір тасын көтеру ойындары жүргізіледі. Білекті бірді жығар додада озып шыққан мықтылар сыйақымен марапатталады.

Сіздерді аталған мерекенің құрметіне өткелі отырған спорттық ойындарға қатысып, жанкүйер болуға шақырамыз!

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: