Шу аудандық «Төле би» мешітінде құрбан айтқа дайындық іс-шараларына қатысты ауыл молдаларымен жиын өтті. Ауданның бас имамы Аят Дыбысұлы ауыл молдаларын келе жатқан қасиетті құрбан айт мейрамымен құттықтап, КМДБ-дан және «Һибатулла-Тарази» орталық мешітінінен келіп түскен құрбан айт мейрамына қатысты хатпен таныстырып, ауыл мешіттерінде құрбан айт мейрамын өз деңгейінде өткізуін тапсырды.
Жиын барысында аудан имамы Аят Дыбысұлы ауыл молдаларының атқарып жатқан жұмыстарының есебін тыңдап, құрбан айтқа қатысты тапсырмалар жүктеді.
Жиын соңында ауыл молдалары құрбан айтқа қатысты сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.
Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі