Діни сауаттылық бүлік тудырмайды

Діни сауаттылық бүлік тудырмайды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ауыл аймақ тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру, теріс ағымдар жайлы ақпараттандыру бүгінгі күнгі өзекті мәселе және Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы дін қызметкерлерінің жұмысы барысында міндеттеген тапсырма. Мемлекеттік мекемелермен тығыз жұмыс атқаруда осы нәзік мәселеде өзінің оң нәтижесін берері сөзсіз. Осы жайттарды ескере отырып, аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудандық «Қордай» мешіт ұжымы, аудандық прокуратурамен бірлесе Сарыбұлақ және Масаншы ауыл амақтарда семинар-кеңестер ұйымдастырды.

Мәжілістерге аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ.А.Жұпбаев, бөлім бас маманы С.Аманбаев, аудандық прокурордың көмекшісі А.Рахымжанұлы және найб имам Д.Жандосұлы қатысты. Отырыс барысында ішкі саясат бөлім өкілдері жалпы діни ахуал жайлы түсіндірсе, прокуратура өкілі біршама заңнамалық актілер турасында түсіндірме жүргізді. АНТ мүшесі, найб имам Дәуренбек Жандосұлы ауыл тұрғындарын келе жатқан айт мерекесімен құттықтап, мереке жайлы толық мәлімет берді. Жиналған жұртшылыққа «таблиғ жамағат» және «сәләфия» ағымының негізгі теологиялық қателіктерін түсіндіріп, олардан сақтану үшін тек діни сауат қажеттігін алға тартты. Масаншы ауыл тұрғындары мешіт құрылысын жүргізу, мешіт қызметкерлерін тағайындау турасында қойылған басқа да сұрақтарға Д.Жандосұлы толыққанды жауап берді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: