Қыркүйектің 1 күні таңның атысымен еліміміздің барлық мектептерінде жаңа оқу жылы басталды.
Шу ауданы Төле би ауылында да құшақ-құшақ гүлдерін құша ұстап, мұнтаздай киініп, бал-бұл жайнаған жайдары балалар ата-аналарымен бірге мектептерге қарай ағылды.
Мұқағали Мақатаев атындағы және Әбунасыр Әль-фараби атындағы орта мектептерінде жиналған оқушыларға арнайы Шу ауданының бас имамы Аят Дыбысұлы және ауданның найб имамы Талғат Кәрібайұлы барып, білім тұрғысында әсерлі уағыз-насихат айтып, кішкентай кемеңгерлерге дендеріне саулық, мол білім, елін-жерін сүйетін мықты азамат болып өсулерін тіледі.
Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі