Жаңа оқу жылы: Шәкірттер медресемен қауышты

Жаңа оқу жылы: Шәкірттер медресемен қауышты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

1-қыркүйек білім күніне орай, «Һибатулла Тарази» медресесінде салтанатты жиын өтті. Іс-шараға медресе директоры Данияр қажы Жұмабаев, медресе директорының орынбасары Исатай Оразов, Мысырдан келген ұстаз Сулейман Саид және медресе ұстаздар құрамы мен студенттер қатысты.

Ұстаздар білімнің маңыздылығы жайлы сөз қозғап, оқу жылына сәттілік тіледі. Сонымен қатар биыл оқуға жаңадан түскен шәкірттерге медресе талаптары мен тәртібі түсіндірілді.

Бүгінде ілімге құштар студенттер білек сыбанып  сабаққа кірісіп те кетті.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: