Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай аудандық «Қордай» мешітінің найб имамы, дінтану магистрі Дәуренбек Жандосұлы Қордай ауданы мәслихатының алғыс хатымен марапатталды.
Д.Жандосұлы ұлтаралық және конфессия аралық байланысты сақтаудағы атқарған адал еңбегі мен ауданның қоғамдық өміріне белсене араласқаны үшін мәслихат депутаттарының ықыласына бөленді. Мерекелік кеште алғыс хатты табыстаған мәслихат хатшысы Р.Нурсипатов дін маманы жұмысына сәттілік тілеп, дін және қоғам өркендеуіне сүбелі үлес қосуда үзбей қызмет жалғастыруды тіледі.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі