Баланың қуанышы - ата-ана жұбанышы

Баланың қуанышы - ата-ана жұбанышы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Байзақ ауданы  «Байзақ баба»  мешітінде «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында «Байзақ баба» мешітінің найб имамы Айбек Каримбаев акцияға қатысқан оқушыларға «Білім алудың маңыздылығы» турасында уағыз айта келе, мектепте үлкендерге  құрмет көрсету, кішілерге қамқор болу, ата-анасын сыйлау және мектепте жақсы оқу жайында мағұлматтар беріп, мектепке баратын балаларға сәттілік тіледі.

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» науқанының барысында Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы «Байзақ баба» мешітінде 28 жағдайы төмен мектеп оқушыларына мектепке керек кеңсе заттары және мектепке арналған сөмке беріліп, қосымша әр балаға бес мың теңгеден үйлестірілді.

Сонымен қатар Байзақ ауданындағы «Байзақ баба» мешітіне қарасты ауылдық мешіттерде  «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылуда.

Байзақ ауданы

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: