Иманды елді жау алмас, ынтымақты елді дау алмас

Иманды елді жау алмас, ынтымақты елді дау алмас

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

    Күні кеше Б.Момышұлы ауылы Жуалы аудандық орталық ауруханасында аталған тақырыпта келелі кездесу өтті.Жиылысқа аудандық «Жастар  ресурстық  орталығы» КММ-нің Дін істер жөніндегі  теолог маманы Рамазан Маратбекұлы және Жуалы ауданының бас имамы Алмас  Рысханұлы, орыс православ шіркеуінің басшысы  Анатолий Ельченко, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Талап Исағалиұлы және Б.Момышұлы орталық аурухана қызметкерлері барлығы 60-адам қатысты.

      Алғашқы болып сөз кезегін Жуалы ауданының бас имамы Алмас Рысханұлына берілді. Ол әлемде болып жатқан діни ахуалға тоқталып өтті. Діннің қазіргі жағдайымен таныстырып, Ақтөбе қаласындағы жастардың қатысуымен жасалған теракттердің  орын алғанына қынжылтатынын, жастардың басқа ағымдағы ислам дініне қалай өтіп, қалай адам өлтіргендеріне қолдары барғандарына таң қалғанын айтты. «Адам дінді білмегеннің салдарынан жат ағымдардың жетегінде кетіп жатыр. Сол себепті адам баласы ең алдымен өз дінін жақсы білуі тиіс. Осының барлығы білімсіздіктің салдарынан болып жатыр» - деп сөзін  қорытындылады ол.

      Екінші болып сөйлеген орыс православ шіркеуінің басшысы Ельченко  Анатолий  Александрович  өз сөзінде қазір қоғамда әртүрлі діни  ағымдар көбейіп кеткендігін  сөз  етті. Жат пиғылды діңге кіріп кетпес үшін   әр адам өз дінін  білгендігі дұрыс деп аяқтады.

    Дін істер және ақпарпттық талдау бөлімінің теолог маманы Абделиев Рамазан Маратбекұлы жат ағымдардан аулақ болуымыз үшін, ең алдымен өзіміздің дәстүрлі дінімізді насихаттайтын, ҚМДБ бекіткен имамдардан ғана діни мағлұматтарды алуға болатындығын айтып, кездесуді қорытындылады.

Н. Сейдалиев

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: