Саудагерлер садақасы

Саудагерлер садақасы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дінімізде садақа, қайырымдылық жасау жаманшылықты алыстатып, қиыншылықты қашырады. Шариғатты біліп мұсылманшылықты ұстанған қазақ атамызда құдай деген адам құр қалмайды деген аталы сөз бар. Ата жолын ұстанған Шу қаласындағы орталық «Сауда – Сервис» базарының бірнеше саудагерлері ұйымдасып, халқымыздың амандығын сұрау мақсатында қаражат жинап, екі бас қойды құрбандыққа шалды. Қаланың бас имамы Құран оқып, әруақтарға бағыштап, Алладан жерімізге тыныштық әр-түрлі табиғи апаттардан аман болуын, халқымызға амандық тілеп жолдың қиыншылығынан, жол апатынан аман болуын сұрады.

Шалынған екі бас қой қаладағы жағдайы төмен отбасыларға шикідей таратылып, тұрмыстық жағдайы төмен және мүмкіндігі шектеулі отбасылар алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: