Зейнетақы орталығының ұжымы сауалдарына жауап алды

Зейнетақы орталығының ұжымы сауалдарына жауап алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Қордай» мешітінің найб имамы, дінтану магистрі Дәуренбек Жандосұлы аудандық мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының ұжымымен кездесу өткізіп қайтты. Кездесудің басты мақсаты – сала қызметкерлерінің  діни сауатын ашу, халық арасында ислам дінін насихаттау, секторлардан сақтау.

Кездесу барысында Дәуренбек Жандосұлы еліміздегі орын алған діни ахуал жайлы әңгіме қозғай отырып, жат ағымдардың арбауына түсіп қалмауды шегелеп айтты. Атадан мұра болып қалған асыл дініміздің ерекше құндылықтарын насихаттады. Әр адамның тәлім-тәрбиесі оның бойындағы иманы деңгейіне байланысты екенін тілге тиек еткен Дәуренбек Жандосұлы ар мен намыс, ұят мәселелері жөнінде шариғатымыздан мысалдар келтіре отырып, сүбелі әңгімелер айтты.

Мекеме ұжымына «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы» атты еңбек таныстырылды. Кездесу барысында найб  имам қызметкерлердің қойған сауалдарына жауап беріп, көкейде жүрген күпті жайттардың бетін ашып берді. 

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: