Шу жамағаты медресе ұстазымен сұхбаттасты.

Шу жамағаты медресе ұстазымен сұхбаттасты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аллаға шүкір еліміз егемендігін алып, діңіміз, тіліміз өзімізге қайта оралып соның арқасында көңіліміз марқайып қалған жағдайы бар. Қазіргі таңда елімізде діни білімді, сауатты жастарымыздың көбейіп, бес уақыт намаз, аптасына бір рет жұма намазына жамағаттың көптеп жиналуы осының бір дәлелі екені анық.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы Жамбыл облыстық “Һибатулла Тарази” мешітінің жанындағы “Һибатулла Тарази” медресесінің ұстазы Сержан Алманов Шу қалалық “Жәми” мешітінде жұма намазына жиналған мыңнан аса жамағатқа тәрбиелік мәні зор уағыз айтты.

“Білекті бірді – білімді мыңды жығар” демекші, білімнің адамға берер пайдасын, білім-ғылымның Исламдағы орны тақырыбы сөз болды.

Жұма намазынан соң жамағат ойда жүрген түйткілді мәселелердің шешімін сұрап, негізінен фиқһ мәселелеріне ден қоя отыра, әртүрлі тақырыптарда қойылған сұрақтарға, жауаптар алған жамағат Сержан ұстазға алғыстарын айтып шығарып салды.

Шу қалалық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: