Меркі ауданында әлеуметтік жағдайы төмен 30 отбасының балаларына «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы негізінде көмек көрсетілді. Жас мөлшеріне қарай 30 балаға мектеп формасы, аяқ киім, мектепке керек құралдар түгелімен үлестірілді.
Бұл акция Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасына орай жүргізілуде. Кезекте 10 жанұя тіркеуге алынды және алдағы уақытта жаны жомарт кәсіпкерлермен келіс-сөздер жүргізіліп, жақын арада бұл жанұяның балаларына көмек көрсетілмек.
Әр балаға 22 мың жиырма екі мың тенге, 30 балаға барлығы 660 000 мың теңге жұмсалды.
Аудандық «Меркі-ата» мешіті